Мереке • Кеше

Мамандардың кәсібилігі – көлік саласының тірегі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін - теміржолшылардың кәсіби мерекесі. Тасымалдау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін машинистер, жүргізушілер, инженерлер, логистер және он мыңдаған басқа да жоғары білікті мамандар еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.

Мамандардың кәсібилігі – көлік саласының тірегі

Олардың жауапкершілігі, дәлдігі және адалдығы ел ішіндегі және оның шекараларынан тыс жүктер мен жолаушылардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың өсуі жағдайында адами капиталдың рөлі бірінші орынға шығады. Адамдар, олардың білімі, тәжірибесі мен бастамасы болмаса, технологиялық серпілістер де, күрделі логистикалық тізбектерді тиімді басқару да мүмкін емес.

Мемлекет кадрларды даярлауға, біліктілігін арттыруға және көлік саласында лайықты еңбек жағдайларын жасауға ерекше мән береді. Адамға инвестиция – бұл жалпы саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне инвестиция.

Жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда Көлік қызметкерлері күні атап өтіледі. Ол ресми мәртебеге ие және 1998 жылы республика Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді.