Қоғам • Кеше

Ақмола облысындағы жол апатынан 3 адам қаза болды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға орнында бір көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысындағы жол апатынан 3 адам қаза болды

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 243-ші шақырымда «Астана — Петропавл» автожолында «Hyundai Elantra» және «ВАЗ-2107» автокөліктері соқтығысқан.

— «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал «Hyundai Elantra» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, — деді жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Уалихан Жүнісбеков.

Қазіргі таңда өңір полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.