
Фото: api.action-media.ru
Қатысушыларды іріктеу бес кезеңнен: тестілеу, оқыту, тағылымдама, қорытынды бағалау және сұхбаттан тұрады. Былтыр 2,5 мыңнан астам үміткердің арасынан кәсіби даярлық курсына 433 кандидат іріктеліп алынған.
Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген. Мәселен көптеген елдерде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады. Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады.
Бүгінгі таңда республикалық кадрлық резервке 583 педагог енгізіліп, олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалған. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резерв мүшесі жаңа үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердің директоры болған.