
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Жайық трансшекаралық өзенінің су ағысының 80%-ға жуығы Ресей Федерациясы аумағында қалыптасады. Елімізде бұл өзен Атырау облысы арқылы Каспий теңізіне құяды.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасы басшысы Нағима Әжіғұлованың айтуынша өзен суының бөлінуі 1996 жылғы 20 маусымда бекітілген Жайық өзені бассейнінде трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау, су шаруашылығы қызметін үйлестіру туралы Хаттамаға сәйкес реттеледі.
«Құжатта Ресей тарапынан Қазақстанға жіберілетін су көлемі ай сайын нақтыланған», деді Н.Әжіғұлова.