
Осы жағдайға көз жеткізгісі келген шотландиялық ғалымдар Эдинбург көшелерінде қызық тәжірибе жүргізді. Олар 240 әмиянды әдейі «жоғалтып», иесіне қайтарылу ықтималдылығын зерттеді. Нәтижесі – таңғаларлық. Ішінде суреті жоқ әмияндардың бар-жоғы 15%-ы ғана иесіне оралған. Ал қарт жұптың суреті салынғандары – 28%, отбасылық суреті барлары – 48%, үй жануары бейнеленгендері – 53% қайтарылған. Бірақ нағыз рекордты сәби суреті орнатты. Мұндай әмияндардың 88%-ы иесін тапқан. Ғалымдардың пайымдауынша, сәби бейнесі адамдардың ерекше жанашырлық сезімін оятады. Жүрек елжіреген сәтте адам жоғалған затты иесіне қайтаруға бейім келеді.