Бокс • 06 Тамыз, 2025

Азия чемпионатының жартылай финалында 5 боксшы бақ сынайды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері басталды. Бұл сында еліміздің 5 боксшысы финалға жолдаманы сарапқа салады, деп жазады Egemen.kz.

Азия чемпионатының жартылай финалында 5 боксшы бақ сынайды

Фото: instagram.com/ qaz_team

Бүгін Бангкок рингіне алғаш болып 60 келіде Нұрислам Қалдыбаев шықты. Ол Бутандық былғары қолғап шеберін 1-раундта нокаутқа жіберді. Дечен Доржи бүйірден алған соққыдан кейін, бәсекені мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды. 

Енді отандасымыз финалда Өзбекстан боксшысымен алтын үшін айқасады. 

70 келіде Нұрбек Мурсал да жартылай финалды жеңіспен түйіндеді. Ол Малайзия өкілі Мухаммад Ариф Фарид 5: 00 есебімен айқын жеңді. 

Нұрбек Мурсалдың да шешуші сындағы қарсыласы өзбекстандық спортшы. 

Енді рингке 65 келіде Илья Калинин, 80 келіде Санжарәлі Бегалиев пен 90 келіде Темірлан Мұқатаев шығады. 

Айта кетейік, 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасын Бақыт Сәрсекбаев баптайды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10