Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Картердің «қалжыңы»

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джимми Картер бірде Жапонияға ресми сапармен барыпты. Мінбеге шығып, сөзінің кіріспесін жеңіл әзілмен бастай бергені сол еді, аудитория түгелдей ду күліп жібереді.

Картердің «қалжыңы»

Картер өзінің қалжыңының мұнша­лықты әсерлі болғанына таңғалып, аудар­ма­­шысынан әзілді қалай соншалық­ты жақсы жеткізгенін сұрайды. Сол кезде аудар­машы жігіт жылы жымиып қойып, «Мен сіздің қалжыңыңызды аударған жоқ­пын. Тек «Президент жаңа әзіл айтты. Бар­лығыңыз күліңіздер» дедім» деген екен. Осы­лайша, бұл оқиға халықара­лық қатынастағы ең қызықты сәттердің бірі ретінде есте қалды.