Жасанды интеллект • Бүгін, 10:02

OpenAI жаңа GPT‑5 моделін ресми түрде ұсынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Компанияның API жүйесінде жарияланған мәліметтерге сәйкес жаңа моделдің үш нұсқасы іске қосылады: стандартты, mini және nano, деп жазады Egemen.kz.

OpenAI жаңа GPT‑5 моделін ресми түрде ұсынды

Фото: ашық дереккөз

GPT‑5 Nano нұсқасы тек API арқылы қолжетімді болады. Ол қарапайым және жылдам жауаптар қажет ететін қолданушыларға арналған арзан әрі жеңіл шешім болмақ. Ал стандартты GPT‑5 көпфункциялы жүйе. Ол экспресс-режімнен бастап, терең талдау жасауға дейінгі түрлі деңгейдегі сұраныстарға бейімделе алады. Ең жоғары өнімділік режимдері тек Plus және Pro жазылымдарына қолжетімді болады.

Жаңа GPT‑5 моделі қолданушының сұранысын өзі сараптап, жылдам жауап беру мен кеңейтілген талдау арасында автоматты түрде таңдау жасай алады. Сондай-ақ «ұзағырақ ойланып көру» (Think Longer) функциясы сақталады. Бұл күрделі тапсырмаларда егжей-тегжейлі жауап алуға мүмкіндік береді.

OpenAI GPT‑5 моделін дайындау кезінде Universal Verifier модулін қолданған. Бұл модуль жауаптардың дұрыстығын тексеріп, қажет болған жағдайда оларды жетілдіруге бағыттайды. Жүйе тек техникалық салалармен шектелмей, шығармашылық мәтіндер мен бизнес-талдауларда да сапаны арттыруға бағытталған.

GPT‑5 мультимодальды мүмкіндіктерін кеңейтіп, жауаптардың дәлдігін арттыруы және «галлюцинация» деңгейін төмендетуімен ерекшеленбек.