Үкімет • Бүгін, 16:00

Биыл 111 мектеп, 17 балабақша, 31 денсаулық сақтау нысаны салынған

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құрылыс саласы – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Аталған салада Президент тапсырмалары орындалып, тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, жеке сектор ынталандырылып, құрылыс индустриясы дамып әрі кешенді мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 111 мектеп, 17 балабақша, 31 денсаулық сақтау нысаны салынған

Фото: zharar.com/kz

Құрылыс саласы жоғары өсу қарқынын сақтап, еліміздегі ЖІӨ-нің 6%-ын құрап отыр. Тұрғын үй құрылысы негізгі бағыттардың бірі болып қала бермек. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бастап 2024 жылға дейін елімізде жалпы көлемі 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның 39,3 млн шаршы метрі жеке тұрғын үй құрылысына, 58,6 млн шаршы метрі көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне тиесілі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2024 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 19,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (173,9 мың нысан, оның ішінде 38,9 мыңы жеке тұрғын үй). Құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты көлем индексі 9 трлн теңгені құрады (115,3 %). Салада 53 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның 2,9 мыңнан астамы – құрылыс материалдарын өндірушілер.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 3,31 трлн теңгеге жетті ( былтырғымен салыстырғанда +18,4%). 11 млн шаршы метрден астам жаңа нысандар пайдалануға берілді, оның 7,9 млн шаршы метрі тұрғын үйлер. Сонымен қатар 111 мектеп, 17 балабақша және 31 денсаулық сақтау нысаны салынды.

2025 жылы 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Алты жыл ішінде тұрғын үй құрылысына 15,4 трлн теңге инвестиция тартылды, оның 1,5 трлн теңгесі биылғы жылдың алғашқы алты айында салынды.