
Жиында дін саласындағы өзекті мәселелер, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар және діни радикализмге қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер қаралды.
Мемлекеттік кеңесші дін саласында салиқалы саясат жүргізу үшін мұқият ойластырылған ұстаным, кешенді әрі жүйелі шаралар қабылдау және барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.
Осы ретте Ерлан Қарин заңдарды сақтаудың, конфессия саласын ғылыми тұрғыдан зерделеудің және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін айтты.
Жиын соңында мемлекеттік органдарға қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту үшін күш жұмылдырып әрекет етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.