Абай • Бүгін, 10:40

Бүгін – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы ақынның мерейтойы биыл ел көлемінде он күн бойы аталып өтуде, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, ұлттық әдебиетіміздің негізін қалаушылардың бірі. Оның даналық сөздері мен терең ойлары ұлттың рухани қазынасына айналды.

Ол қазіргі Абай облысының Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай – ел билігіне араласқан, қажылыққа барған тарихи тұлға.

Абай алғашқы білімін ауыл молдасынан алып, кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыған. Ол араб, парсы, түркі және орыс тілдерін меңгеріп, Шығыс пен Батыс әдебиетін терең зерттеді.

Ақын Пушкин, Лермонтов, Крылов, Гёте, Байрон сияқты әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық поэзияны жаңа сатыға көтерді. Оның аудармалары мен әндері ел арасына кеңінен таралып, қазақтың рухани байлығына айналды.

Абайдың 45 "Қара сөзі" – халқымыздың моральдық, діни, философиялық ой-санасын дамытқан бірегей еңбек. Ол білім, тәрбие, адамгершілік, әділет, еңбек, дін және қоғам туралы терең ой қозғады. Бүгінде Абайдың есімімен аталатын облыс, университет, театр, мектептер мен көшелер бар.

Оның 150 және 175 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО шеңберінде халықаралық деңгейде аталып өтті. Абай ескерткіштері Қазақстанмен қатар Ресей, Түркия, Германия, Франция, Иран сияқты елдерде орнатылған.

Абай мұрасы – барша адамзатқа ортақ рухани байлық. Ол қазақты "мал үшін емес, ар үшін өмір сүруге" үндеді.