
Іс-шараның негізгі мақсаты – ақынның бай рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен мәдениетті сіңіру және Абай шығармашылығын тың қырынан таныту болды.
Кеш барысында қонақтарға Абайдың өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер ұсынылып, арнайы бейнеинсталляция мен фотокөрме көрермен назарына ұсынылды. Ашық микрофон форматындағы шығармашылық пікір алмасу алаңы қатысушыларға өз ой-пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік берді.
Поэзия кешіне жергілікті ақын-жазушылар, өнерпаздар, студенттер және қала тұрғындары қатысты. Жас орындаушылардың музыкалық және поэтикалық қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара соңында қатысушылар Абай мұрасын ұлықтау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, оның шығармаларын кеңінен насихаттауға шақырды.