Елордада экшн-фильмдердің І халықаралық фестивалі өтті. Ресейлік “Bazelevs” кинокомпаниясының негізін қалаушы әрі оған бүгінде жетекшілік ететін жерлесіміз, танымал кинорежиссер Тимур Бекмамбетов пен америкалық продюсер Майк Симпсонның астанаға алғаш табан тіреген кезінде туындаған идеяны Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жүзеге асыруға көмектесті
Кинематография тарихында бірінші рет өткізіліп отырғандықтан, жұлдыздар шеруіне астаналықтар айрықша дайындық жасағаны “Қазақстан” орталық концерт залының әсем безендірілуінен аңғарылады. Кіре берістегі масаты кілеммен беттеген қадамдарға жұрт назары тігулі. Әне, жалғыз бір өзі-ақ қасарысқан дұшпанын жайпап жіберердей, қабағынан қар ұшқындаған Голливудтың атышулы актерлерінің бірі де бірегейі Дольф Лундгреннің қарасы өзгелерден оқ бойы алға оза түскен. Оның өмірлік таңдауындағы асулар мұнан да асқақ көрінер еді. Адамның бойына үйіп-төгіп осыншама қабілет, қасиетті бере салады екен-ау. Швед топырағына жұрттың ерекше сүйіспеншілік сезімін оятуға себепші Лундгрен атағы жеті тіл білуімен, физик, химик, ғылым магистрі болуымен әлемге кең тараған. Кокусинкай каратэсі бойынша қара белдікті, Австралия, Еуропа чемпионы. Бұған қоса ол – режиссер, продюсер, сценарист сынды бірнеше кәсіпті жете меңгерген киноөнерінің жарық жұлдыздары арасынан жасындай жарқырап көрінген ерекше тұлға. Елордадағы халықаралық экшн-фильмдер фестиваліне Голливуд жұлдызы өзі түсірген әрі басты рөлде ойнайтын “Опасная гастроль” фильмін алып келді. Оқиғасында дүние жүзін дүр сілкіндірген терроризм зардабы баяндалады. Америка поп-жұлдызының Мәскеуде концерті өтіп жатады. Көрермендер арасында Ресейдің президенті отырады. Ар жағы, әрине, белгілі сарын. Адамзат баласына ортақ қасірет – терроризм бейбіт өмір сүріп жатқан жұрттың өміріне қаншалық қауіп төндіретінін режиссер көркем бейнелер арқылы қызықтыра өрбітеді. Мұнан басқа алдын ала келісілген бағдарлама барысында байқаудан тыс АҚШ, Еуропа, Азия, ТМД-ға мүше елдердің жиырмадай толықметражды фильмі көрерменмен көзайым болмақ. Фестивальдік фильмдердің дені биыл түсірілген тың туындылар болғандықтан, әсіресе, америкалық фильмдердің алатын үлес салмағы басым сезілуде. Басты рөлдерде Джеки Чан, Николас Кейдж, Моника Белуччи, Брюс Уиллис, Сильвестр Сталлоне, Джет Ли, Дольф Лундгрен, Эрик Робертс ойнайтын Американың “Карате-кид”, “Ученик чародея”, “Парочка полицейских”, “Неудержимые” сияқты биыл түсірілген фильмдері алғаш рет қазақ экранынан көпшілікке жол тартпақ. Тимур жерлесіміздің Ресей киносына қызмет етіп жүрсе де әлемнің ең үздік туындыларын елордаға шоғырландырып, келешекте қазақ киносының даңқын әлемге паш етудегі осындай қадамдарына қалай риза болмассыз.
Мәртебелі қонақтардың арасынан тек белгілі режиссерлер мен актерлер, продюсерлер төбе көрсетіп қоймай, бокстан әлем чемпионы Майк Тайсон сынды спорт шеберлерінің де көзге оттай басылуы қала күні құрметіне әкімдіктің жұртшылыққа барынша қызықты шаралар ұйымдастырып жатқанынан хабар бергендей. Қазақстан туралы, оның бүгінгі гүлдей жайнап құлпыра түскен елордасы хақында сыр шертетін туындыларды әр жылы үзбей насихаттап отыруды басты міндет санайтын фестиваль осы жолдағы алғашқы қадамын жасап үлгерді. Бұрын тек сырттай атына қанық Голливуд актері Хилари Суонгті, белгілі продюсер Харви Вайнштейнді, трюктерді қоюшы Юэнь Ву Пинді құрметпен қарсы алған қауым көңілі аса көтеріңкі. Олардан басқа Ресей киносының атақты актерлері Дмитрий Певцов, Андрей Панин, Олеся Судзиловская жұрт ықыласын жүрекпен сезініп, аса толқулы. Фестиваль алғаш рет қолға алынып отырғандықтан, басқа байқаулар сияқты оған жан-жақтан сыншыларды шақыруды ұйымдастырушылар кейінге шегерген екен. Ол да бір жағынан дұрыс шығар. Өйткені, мерекелік көңіл күймен қауышқан қонақтарды аз уақытта сынап-мінеу, біреуді оздырып, ал біреудің делебесін қоздырып жатқан жараспас та. Астананың үлкен экрандарындағы экшн жанрындағы жаңа туындылар көрсетілімі Харви Вайнштейннің “Шанхай” фильмінен басталды. Фильмнің сценарийін ирандық жазса, түсірген – шведтің режиссері, продюсері – америкалық. Тарихи драма жанрындағы “Шанхай” фильмінің оқиғасы бойынша америкалық (Джон Кьюсак) Шанхайдағы әскери оқиғаларға куә болады. Бомбылау кезінде досы қаза табады. Осы өлімнің кімдердің қолымен жасалғанын табу үшін ол өздігінен астыртын іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Барлау қызметінің офицерімен (Кен Ватанабе), жергілікті гангстермен (Чоу Юн-Фат) және оның жары Аннамен (Гун Ли) жолығып, оған ғашықтық сырын ақтарады. Алайда біржола сезімнің жолында кетпей, өзін сергелдеңге салып қойған досының өлімі туралы ащы қасіретті ойынан шығармайды. Барлық оқиға осы Шанхайдың ішінде өрбиді.
Шанхайдың ХІХ ғасырдағы тылсымы кино өзегіне тұшымды тұстар қосады. Аспанасты елінің адамдарының өзі бұл қаланы өзіміздікі деуге аса құштарлық таныта қоймайды. Себебі, оның негізін әр жақтан келген шетелдіктер қалаған деген сөздің жаны бар. Бірақ та шаһар келбетіне мұнда бірде-бір адам шек келтірмейді. Ол – кинематографистер назарын өзіне үнемі аударумен келе жатқан қала. Кино тарихына үңілсек, Шанхай туралы бұған дейін қаншама үздік туындылар жарық көргеніне көзіміз жете түседі. Роберт Флоридің 1937 жылы түсірген “Шанхайдың қызы ” фильмінен бастап, По-Ши Лоенгтің 1941 жылғы “Қатыгез Шанхай”, режиссер Орсон Уэлстің 1947 жылғы “Шанхайдан шыққан ару”, По-Ши Леонгтің 1992 жылғы “Шанхай. Жиырмасыншы жылдар”, Джон Д. Лэмондтың “Шанхай Лили” сияқты тағы да басқа толып жатқан картиналарын түгел тізу мүмкін де емес. Осы атауға 1996 жылы Қазақстан тарапынан режиссер әрі сценарийст Александр Барановтың “Шанхай” фильмі келіп қосылғаны белгілі. Бірақ бұл ол Шанхай туралы емес, Алматының маңындағы ауылға қатысты еді.
Фестиваль қарсаңында журналистерге берген сұхбатында Тимур Бекмамбетов кино тарихында тұңғыш рет өтіп отырған шараның мақсат-мүддесін айқын айтып берді. “Қазақстанға мұндай фестиваль ауадай қажет деп ойлаймын”, – деді “Ночной дозор” блокбастерінің, “Особо опасен” фантастикалық шым-шытырық фильмі мен жақында көгілдір экраннан көпшілікке тараған “Ирония судьбы...” фильмінің жалғасының авторы баспасөз мәслихатында. Күннен күнге қарыштап дамып келе жатқан жаңа астанаға бүкіл әлемнің назары тігілуі керек. Әзірге, әрине, оны көп адамдар жете біле бермейді. Сондықтан әлемнің әйгілі актерлері мен өнер адамдары Астана туралы жеткілікті мағлұмат алуы үшін осындай ауқымды шараны қолға алуға тура келді. Оның сөзіне қарағанда, мұндай ой осыдан жарты жыл бұрын мазалаған екен. Енді, міне, қала әкімдігі қолдауымен сол жобаның жүзеге асқаны қала күні қарсаңында жұртшылыққа тарихи оқиғалар сыйлап отыр. Майк Тайсон, Дольф Лундгреннің алғашқылардың бірі болып елордаға ұшып келгені ел астанасының мерейін сол оқиғалармен-ақ едәуір өсіріп тастағаны анық. Әлемнің ең айтулы, азулы кинематографистері ат басын тіреп жатқан жерді кім-кімнің де жақыннан біле түскісі келетіні сөзсіз. Ендеше, кинофестиваль міндеті мінсіз атқарылып жатыр деуге негіз бар. Биыл алдағы уақытта қолға алынатын жаңа фильмдердің идеялары мен сценарийлері ортаға салынбақ. Келесі жылғы премьералар сараланбақ, жеті жоба сұрыпталмақ. Төрт күн қатарынан төрімізде – кино, төбемізде – әлемдік шыңды бағындырған жұлдыздар.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды
Күрес • Бүгін, 21:36
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Олимпиада • Бүгін, 21:24
Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 21:00
Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 20:35
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:21
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады
Қоғам • Бүгін, 19:37
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
Әскер • Бүгін, 19:22
Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 19:12
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:37
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:25
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:17
Елордада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Бибісара Асаубаева Кипрде өтетін Үміткерлер турнирінде бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 17:52
Енді міндет емес, құқық: Жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды
Ата заң • Бүгін, 17:36