Білім • 11 Тамыз, 2025

Әкімдіктер талапкерлерге 2 мыңға жуық грант бөлді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. 2025-2026 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп жазады Egemen.kz.

Әкімдіктер талапкерлерге 2 мыңға жуық грант бөлді

Фото: ult.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл әкімдіктер 1729 білім беру гранттарын бөліп отыр. 

Елорда әкімдігі 526 грант бөлген. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант, Шымкент қаласы – 285, Атырау – 265, Жамбыл облысы – 215, Абай облысы – 200, Түркістан – 180, Батыс Қазақстан облысы – 128 грант, Маңғыстау облысы – 108 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

вв

нн

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше