Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Марсты зерттейді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ASI» ғарыш агенттігі мен «SpaceX» Марсқа алғашқы коммерциялық сапар жасауға келісті.

Марсты зерттейді

Марсқа алғашқы сапар алты айға созылады деп жоспарланған. Осы уақытта ғылыми деректер жинақталады. «Starship» зымыранымен өсімдік өсіру, метеостанция, радиация өлшеу тәжірибелері жүргізіледі. «Starship» – тарихтағы ең үлкен зымыран. Илон Маск оны Марсқа қонуға арналған басты құрал деп санайды. Ол орбитаға дейін әлі ұша алған жоқ. Дегенмен «SpaceX» осы айдағы оныншы сынақ ұшырылымы сәтті болады деген сенімде.