
Енді зақымданған перифериялық жүйке талшықтарын тігіссіз-ақ қалпына келтіруге болады. «Coaptium Connect» деп аталатын технология арнайы «бағдарламаланатын полимерлерді» пайдаланады. Сондықтан енді дәрігерлер жүйке ұштарын бір-біріне жалғап, тігіп әуре болмайды. Материалдың өзі оларды дәл қосып, бітісіп кетуіне мүмкіндік береді. Клиникалық сынақтарда зақымдалған нервтер 100 пайыз қалпына келген. FDA қазірдің өзінде оны хирургияда пайдалануға рұқсатын беріп отыр.