Медицина • Бүгін, 13:29

Стационарларда 152 полиция бекеті ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау фактісі жиілегенін білеміз. Содан Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырған еді, деп жазады Egemen.kz.

Стационарларда 152 полиция бекеті ашылды

Былтыр медицина мамандарының құқығын қорғайтын заң қабылданса, биылдан бастап стационарларда полиция бекеттері орнатылып жатыр. Бүгінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стационарларда 152 полиция бекеті ашылып қойған. Медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттерінің жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп қамтамасыз етіп отыр.

Қазір қалалық стационарларда – 30, облыстық стационарларда – 10, балалар стационарларында –12, перинаталдық орталықтарда – 5, аудандық орталық ауруханаларда – 48, аудандық ауруханаларда – 23 пост бар. Осылайша, полиция қызметкерлері стационардағы кез келген оқыс оқиғада жедел әрекет етеді. Шиеленістердің алдын алып, медицина қызметкерлерімен қоса пациенттердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.