
Непалдық альпинист Пхунджо Джхангму Лама 8 849 метр биіктікке небәрі 14 сағат 31 минутта өрлеп, жаңа әлемдік рекорд орнатқан. Пхунджо 22 мамырда түстен кейін жолға шығып, ертеңінде таң ата шыңға жеткен. Бұл оның алғашқы жетістігі емес. 2018 жылы ол Эверестке 39 сағат 6 минутта көтерілген еді. Альпинист жаттығуларын Гималай мен Швейцария Альпісінде өткізіп, физикалық төзімділігін шыңдап отырады.