
Сурет: sknews.kz
Дайын учаскелерді аралап, тоннель, қазу және жол төсеу технологиясымен, сондай-ақ құрылыс қарқынымен танысқан сенатор жаңа метро стансалары Алматының көлік кептелісін ретке келтіретініне сенімді.
«Алматы көшелеріндегі кептелістер қала тұрғындарының уақытын алары сөзсіз. Метро бұл жүктеменің едәуір бөлігін азайтып, қаланың түрлі аудандарына жылдам әрі қолайлы қатынауды қамтамасыз етеді. Бұл жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, ол мегаполистің өмір сапасы мен экономикалық белсенділігіне тікелей әсер ететін қадам», деді С.Мәкежанов.
Сондай-ақ сенатор Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасымен кездесіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерін, тұрғындардың өмір сапасын арттыру шараларын, сондай-ақ жедел шешуді қажет ететін проблемаларды талқылады.
Бұдан бөлек, «Әлеуметтік қызметтер үйіне» барып, әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруға, халықты қолдау жүйесін дамытуға және әлеуметтік даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталған мекеменің қызметін көрді. Қала тұрғындарымен кездесу барысында сенатор тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту, білім беру және денсаулық сақтау мәселелерін талқылап, ұсыныстарын тыңдады. Ол билік пен азаматтардың тиімді өзара іс-қимылы өзекті мәселелерге нақты әрі уақтылы шешім табуға мүмкіндік беретінін айтты.