
Фото: informburo.kz
Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, мұнайлы шаһарға урбанистика орталығы қажет. Осы орайда орталық мамандарына бірнеше міндет жүктеледі.
«Орталықтың негізгі міндеті – қаладағы қоғамдық кеңістіктердің, соның ішінде саябақтардың, көшелер мен гүлзарлардың санын арттырып, шаһар кейпін жақсарту және дизайн-код енгізу. Урбанистика орталығы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жанынан құрылады. Орталықтың ұсыныстары жаңа нысандарды жобалау кезінде ескеріледі. Орталық жұмысына урбанистика саласының мамандары тартылады», дейді Серік Шәпкенов.