«Таза Қазақстан» • Бүгін, 20:52

Тазабек Cism әлем чемпионатында «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әскери қызметкерлер арасында қазақ күресінен алғашқы Cism әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Тазабек Cism әлем чемпионатында «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Іс-шара қонақтарының арасында – алып қуыршақ Тазабек те бар. Ол қала тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырып, экологиялық акцияны насихаттап жүр.

«Таза Қазақстан» акциясының символына айналған Тазабек спорттық додада нағыз жұлдыз болды – астаналықтар оны құшақтап, суретке түсіп, бастаманы ерекше ықыласпен қолдады.

Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Тунис, Ресей, Италия, Түркия, Марокко, Молдова, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Бразилия, Тайланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Камерун, Гана, Эфиопия, Венесуэла және Иран елдерінен келген қонақтар да Тазабекті ыстық ықыласпен қарсы алды.

Экологиялық кейіпкер бұған дейін де Астанада өткен ірі жиындарға белсене қатысқан. Тазабектің басты мақсаты – қоғамдық орындарда тазалықты сақтау және экоакцияны кеңінен насихаттау.