Спорт • Бүгін, 19:07

Astana 2025 World Boccia Challenger турниріне дайындық басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4–21 тамыз аралығында спортшыларымыз Паралимпиадалық жаттығу орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ұлттық құрама сапындағы 16 спортшы арнайы шақырылған шетелдік маман, Таиланд құрамасының бас бапкері Surmit Kotsila-мен тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Astana 2025 World Boccia Challenger турниріне дайындық басталды

Халықаралық турнир 20–28 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл жолы ел намысын 10 спортшы қорғайды.

Айта кетейік, жарысқа 12 елден 60-қа жуық спортшы қатысады. Бағдарламада жекелей, жұптық және командалық сайыстар қарастырылған.

Бұл турнир — 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңі әрі спортшылар үшін рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беретін маңызды жарыс.

Бочча елімізде 2018 жылы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалардың ата-аналарының бастамасымен дами бастады. 2021 жылы ұлттық бочча федерациясы құрылып, спорт ресми деңгейге көтерілді.