
Канададағы автор Клаудиа Аранда жазған "Әлем – оның киіз үйі: Димаш және поляризацияланған әлемдегі мәдени диалог архитектурасы" атты мақалада қазақстандық әншінің мәдениеттер арасындағы көпір ретіндегі рөлі талданады.
Автор Димаштың шығармашылығы геосаяси қақтығыстар мен мәдени алалаушылықтардан жоғары тұрып, көрермендерді біріктіретінін атап өтеді. Оның даусы – түрлі тілдер мен дәстүрлерді тоғыстыратын бейресми дипломатияның құралы ретінде сипатталған.
- Оның Қазақстаннан шыққан тегі жай ғана өмірбаяндық дерек емес – ол екі ырғақпен тыныстайтын өнердің терең тамыры: мыңжылдық дәстүр мен жаһандық заманауилықтың тоғысы. Ғасырлар бойы ауызша поэзиямен, эпостық жырлармен, көшпелі әуендермен нәрленген қазақ мәдениеті оның үнінде тірі мұрағаттай сақталған. Әрбір әуен – жолдардың, империялар мен өркениеттердің қиылысы болған географияның жады. ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған дәстүрлер мен мәдени араласудың арқасында бүгінге жетті, – дейді ол.
Мақалада қазақ мәдениетінің тамыры мен жаһандық заманауилықтың үйлесімі Димаштың өнерінде айқын көрініс табатыны айтылған. Әнші тек жанрларды түрлендіруші емес, мәдениеттерді тоғыстырушы тұлға ретінде бағаланады.