Шахмат • Бүгін, 15:51

Түркістан облысында 2500-ге жуық спортшы шахматпен тұрақты айналысады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында ауылдық елді мекендерде шахмат үйірмелерін көбейту мақсатында мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелер желісі дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында  2500-ге жуық спортшы шахматпен тұрақты айналысады

Қазіргі таңда облыс аумағында 11 «Шахмат үйі» бар. Сондай-ақ 20 спорттық мекемеде 97 жаттықтырушы 2475 спортшымен тұрақты жұмыс жүргізуде.

Бұл деректер облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есеновтің кездесуінде келтірілді. Өңірде шахматты дамыту, алдағы жоспарлар мен маңызды жобалар талқыланған кездесуде 2023-2027 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілгені, қала және аудандарда шахматшыларға қолайлы жағдай жасалғаны да айтылды.

Айта кетелік, биыл қарашада Түркістан қаласында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогының финалдық кезеңін өткізу жоспарланып отыр.