Қоғам • Бүгін, 10:55

Қазақстан 456 теміржол локомотивін сатып алады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол локомотивтері паркін жаңарту туралы айтты. Бүгінгі таңда елімізде 1,9 мың локомотив бар, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан 456 теміржол локомотивін сатып алады

Фото: gov.kz

«Жаңарту бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алу жоспарланып отыр. Локомотивтерді жеткізушілер – қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы», деді көлік министрі.

Сондай-ақ министр жүк операторлары 7 мыңнан астам жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді. 

Қазақстанда 300-ден астам теміржол операторы жұмыс істейді. Олардың қол астында 142 мың жүк вагоны бар. Бұл қазіргі жүк тасымалының қажеттілігін толық қамтиды.

Оның ішіндегі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының үлесі – 41%. Нұрлан Сауранбаев вагондар әлеуметтік маңызы бар бағыттарда да белсенді қолданылатынын атап өтті.
«2029 жылға дейін жүк операторлары тарапынан 7 мыңнан астам жаңа вагондар сатып алынады. Бұл жүк тасымалының өсіп келе жатқан әлеуетін сақтап, дамытуға мүмкіндік береді», деді ол.