Қоғам • 20 Тамыз, 2025

Қазақстанда шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салына ма?

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму министрлігі қоғамда таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салына ма?

Фото: Андрей Гордеев / ТАСС

Министрлік мәліметінше, Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ғана ұсынылады. Ол мемлекеттік қызметкерлер тек жұмыс барысында пайдаланатын ақпаратпен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. 
 
«Aitu қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың және мемлекеттік цифрлық платформалармен өзара әрекеттесудің негізгі құралына айналады. Оның басты артықшылығы – барлық серверлер Қазақстан аумағында орналасқан, бұл деректерді қорғау талаптарына сәйкес келеді және жүйені мемлекеттік органдар үшін сенімдірек етеді. Aitu шетелдік мессенджерлерді азаматтардың жеке өмірінде алмастырмайды және оған «кедергі келтірмейді», ол тек мемлекеттік сектордағы жұмыс процестері үшін қорғалған арнаны қамтамасыз етеді», делінген хабарламада.