Шаруашылық • 20 Тамыз, 2025

Оңтүстікте егін жинау науқаны аяқталуға жақын

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған науқан – еліміздің 14 облысын қамтиды. Бүгінде 1,5 млн гектар алқап жиналып, 2 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстікте егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау жалғасып жатыр: 28,0 мың гектардан 20,5 мың тонна өнім алынған.

Сондай-ақ, 18,0 мың гектардан (13,8%) 458,0 мың тонна картоп, 47,8 мың гектардан (37%) 1,4 млн тонна көкөніс, ал 64,2 мың гектардан (68,5%) 1,7 млн тонна бақша дақылдары жиналған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше еліміздің оңтүстік өңірлерінде егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын.

Шымкент қаласында егін жинау толық аяқталды. Түркістан және Жамбыл облыстарында дәнді және бақша дақылдарын жинау жұмыстары аяқталу кезеңінде тұр.

Түркістан облысында 337 мың тонна дәнді дақыл, 791,3 мың тонна көкөніс және 1,1 млн тонна бақша дақылдары жиналса, Жамбыл облысында 463,4 мың тоннадан астам астық, 341,4 мың тонна көкөніс және 336,5 мың тонна бақша дақылдары жиналған.

Егін жинау науқаны қалыпты жағдайда өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35