Ауа райы • Кеше

Аптап ыстық пен дауыл: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Синоптиктер еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық, солтүстігінде нөсер жаңбыр мен дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Аптап ыстық пен дауыл: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

Жетісу облысы

Шығыста, орталықта және таулы аймақтарда найзағай болжанған. Шығыста және таулы аудандарда батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте және шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз солтүстік-батыс пен шығыста найзағай болжанған. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы 38 градусқа дейін ысып, төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз желдің күшеюі күтіледі.

Ұлытау облысы

Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыста өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда да желдің күшеюі болжанған.

Павлодар облысы

Күндіз батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Тәулікте найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодарда күндіз найзағай болжанған.

Қарағанды облысы

Күндіз шығыста найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз жел күшейеді.

Атырау облысы

Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай, бұршақ, дауыл болжанған. Түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі бар, оңтүстікте өрт қаупі жоғары. Атырауда кешке найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы

Таңертең және күндіз оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста, таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да өрт қаупі жоғары деңгейде.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз батыста найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болжанған.

Алматы облысы

Күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін ысып, аптап ыстық болады.

Ақтөбе облысы

Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Солтүстікте және шығыста найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз оңтүстікте найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Абай облысы

Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай болжанған. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыста өрт қаупі жоғары. Семейде күндіз найзағай күтіледі.

Ақмола облысы

Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 20-25 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда күндіз найзағай болжанған.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батыста тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болжанған.