Әлем • 24 Тамыз, 2025

АҚШ-тағы әйгілі жанартау қайта атқылай бастады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гавайи аралындағы әлемге әйгілі Килауэа жанартауы қайтадан атқылай бастады. Лаваның биіктігі 30 метрден асып, сейсмикалық толқындар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ-тағы әйгілі жанартау қайта атқылай бастады

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 22 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 14:04-те Килауэа жанартауы белсенділігін күшейтіп, жаңа атқылау кезеңі басталған. Бұл – 31-ші тіркелген эпизод.

Лаваның биіктігі 30 метрден асады;

Солтүстік жерле маңында жер асты дүмпулері сезілуде;

Атқылау бірнеше сағат бойы жалғасып жатыр.

Килауэа жанартауы Гавайи аралында (Большой остров) орналасқан. Ол – Жер шарындағы ең белсенді вулкандардың бірі. Ғалымдардың айтуынша, Килауэа бірнеше ондаған жылдар бойы дерлік үздіксіз атқылап келеді.

Гавай халқы бұл жанартауды от пен лаваның құдайы – Пеле есімімен байланыстырады. Жергілікті мифологияда Пеле «от сақтаушысы» әрі аралдың қорғаушысы ретінде құрметтеледі.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37