
видеодан алынған скрин
Видеодан автобустың қала ішінде қатынайтын маршрут емес екенін байқалады. Жол-көлік оқиғасынан 14 адам зардап шеккен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар жедел жәрдеммен медициналық мекемелерге жеткізілген.
«Зардап шеккендерді қабылдау бөлімінде салалық мамандар тексерген. Олардың бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберіліп, қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл түрде жараланған», деп мәлімдеді басқарма.