
Фото: Ашық дереккөз
Министрліктің хабарлауынша, бұл бастама Ұлттық статистикалық бюромен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
«Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар айта кетейік, биыл 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Деректер арнайы тартылған санақ қызметкерлері арқылы, тұрғындармен жеке сұхбат жүргізу әдісімен жиналады.