
Фото: Ашық дереккөз
Өңірлік Экология министрлігінің хабарлауынша, тәулік басында республикада жалпы көлемі 8 402 гектарға жеткен 24 орман өрті тіркелген. Өрт ошақтары Верхоянск, Горный, Жиганск, Кобяй, Ленск, Мирнинск, Олекминск, Оленек, Сунтар, Среднеколымск, Таттин, Усть-Алдан және Чурапча аудандарында орналасқан. Оларды сөндіруге 520 адам мен 24 техника жұмылдырылған.
Мирнинск ауданында орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Бұдан бөлек, Верхоян, Олекминск, Чурапча, Эвено-Бытантай аудандарында және Жатай қалалық округінде өртке қарсы шаралар қолданысқа енгізілген.
Еске сала кетейік, Якутия Ресейдегі өрт қаупі жоғары өңірлердің бірі болып саналады. Авиаорманқорғау қызметінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы республикада табиғи өрттердің жалпы аумағы шамамен 3,25 миллион гектарды құраған. Сондай-ақ, Telegram-арнада жарияланған мәлімет бойынша, соңғы тәулікте Ресейдің тоғыз аймағында 18 орман өртінің таралуына жол берілмей, толық сөндірілген. Қазіргі кезде жеті өңірде 37 өрт ошағын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Өртпен күреске барлығы 1 406 қызметкер, 114 техника бірлігі және 17 әуе кемесі тартылған.
Жалпы есеппен, Ресейдің төрт аймағында төтенше жағдай режимі жарияланса, 58 аймақта ерекше өртке қарсы тәртіп, ал 87 аймақта өрт қаупі жалғасып отыр.