Ата заң • Кеше

Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР-ның Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова 2022 жылы қабылданған конституциялық түзетулер туралы айта отырып, жаңартылған Конституция Қазақстандағы конституционализмнің жаңа кезеңін бастауға негіз болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова

Фото: zqai.kz

«Бүгінде бұл нормалардың барлығы қоғамымызды, саяси жүйемізді, азаматтық қоғам институттарын ілгері жылжытып жатыр деп сеніммен айта аламыз», деді ол Астанада өткен 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері барысында.

ҚР-ның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі ретінде Индира Әубәкірова Президент институтына қатысты бірқатар жаңашылдықтарға тоқталды.

Атап айтқанда, Президент бір рет қана 7 жыл мерзімге сайланады. Сондай-ақ, енді Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдерін мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындайды. Бұл ретте Президент кемінде екі кандидатура ұсынады, олардың ішінен дауыс беру арқылы таңдау жасалады.

«Тағы бір ерекше атап өтетін жаңашылдық – Президенттің партияда болмауы. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы өзі көтерді, біз оны Конституциялық ережеге айналдырдық. Президенттің партиядан тыс әрі саяси тұрғыдан бейтарап болуы саяси жүйеде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын күшейтеді. Осы жаңашылдықтар енгізілгеннен кейін, бізде көптеген бағыттар бойынша әділетті әрі адамның қажеттіліктеріне басымдық беретін қоғам мен мемлекетті қалыптастыратын жаңа бағдарлар айқындалды», деп атап өтті Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры.