
Фото: gov.kz
Қазіргі таңда қала бойынша 207 қоқыс үйіндісі жойылып, 270 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Жұмысқа 149-дан астам арнайы техника жұмылдырылған.
- Байқоңыр ауданында – 53 үйінді жойылып, 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
- Есіл ауданында – 54 үйінді жойылып, 82 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
- Сарыарқа ауданында – 16 орыннан 19 мың тонна қоқыс жиналды.
- Сарайшық ауданында – 32 үйінді жойылып, 32 мың тонна қоқыс шығарылды.
- Алматы ауданында – 28 үйінді жойылып, 20 мың тонна қоқыс шығарылды.
- Нұра ауданында – 24 нүктеден 99 мың тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастаған жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін (393 200 теңгеден 3 млн 932 мың 200 теңгеге дейін) айыппұл салынады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзушылық жасаған жағдайда 200-ден 2000 АЕК-ке дейін (786 400 теңгеден 7 млн теңгеден астамға дейін) айыппұл қарастырылған.
2025 жылдың жеті айында Полиция департаменті қоғамдық орындарды ластағаны үшін (ӘҚБтК 434-2-бабы) 11 250 құқық бұзушыға 380 млн теңгеден астам айыппұл салған. Сондай-ақ қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін (ӘҚБтК 505-бабы) 19 570 адамға 34 млн теңге айыппұл салынған.