Үкімет • Бүгін, 12:55

Биыл жылу желілерін жаңартуға 130 млрдқа жуық теңге бөлінді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2025 жылы 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және қайта құруға 129,4 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл жылу желілерін жаңартуға 130 млрдқа жуық теңге бөлінді

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша, қаржының негізгі бөлігі – 104,2 млрд теңге республикалық бюджеттен, ал 25,2 млрд теңге кәсіпорындардың тарифтік сметасы есебінен бөлінеді.

««Бүгінгі таңда орындау 66% құрайды. Әкімдіктерге басталған жұмыстарды жылыту кезеңі басталғанға дейін аяқтауды тапсыруды сұраймыз», деді министр.

Бұдан бөлек, министр биыл жедел шаралар қабылдау үшін Үкімет резервінен қосымша 47,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржы жылу көздері мен желілерін салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жұмсалып жатыр. Атап айтқанда:

  • Жылу көздерін салуға – 20 млрд теңге;
  • Жылу көздерін жөндеуге және қайта құруға – 8,7 млрд теңге;
  • Жылу желілерін жөндеуге – 5,5 млрд теңге;
  • Жылу желілері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға – 13,4 млрд теңге бағытталды.