Аймақтар • Бүгін, 12:25

Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионы салынады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа заманауи футбол стадионы салынады. Арена УЕФА-ның төртінші санат талаптарына толық сәйкес болады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионы салынады

Қала әкімдігі хабарлағандай, жобада негізгі алаңмен қатар жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары және заманауи қауіпсіздік жүйелері қарастырылған.

Стадион Күлжін және Талғар трактілері арасындағы 15 гектарға жуық аумақта бой көтереді. Нысан маңында көлік-логистикалық торап құрылып, ол қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы болмақ.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жобамен танысып, жұмысты жеделдету қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталады.