Спорт • Бүгін, 19:38

Дмитрий Панарин — Cameron International Challenge 2025 турнирінің күміс жүлдегері!

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Камерунда өткен беделді халықаралық турнир — Cameron International Challenge 2025 жарысында ерлер арасындағы жекелей сында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Дмитрий Панарин — Cameron International Challenge 2025 турнирінің күміс жүлдегері!

Турнир барысында Панарин сенімді әрі тұрақты ойын көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Сондай-ақ, жұптық санатта Махсут Тәджібуллаевпен бірге ширек финалға дейін жетті.

Бұл қазақстандық спортшылардың соңғы айдағы екінші табысы. Бұған дейін Панарин мен Тәджібуллаев JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола жүлдеге ие болып, еліміздің атын әлемдік аренада асқақтатты.

Қазақстан бадминтон федерациясы Дмитрий Панарин мен Махсут Тәджібуллаевты құттықтап, жаттықтырушылар штабына алғыс білдіреді және спортшыларымызға жаңа жеңістер тілейді!

Қазақстандық бадминтон халықаралық деңгейде өз биігін бағындыруды жалғастыруда