Ауа райы • Кеше

Бұршақ, аптап ыстық: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, жел күшейіп, күн күркірейді, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұршақ, аптап ыстық: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
 
 

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, тұман түсіп, жел соғады.

Атырау облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейіп, дауыл соғады, өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысында найзағай ойнап, жел тұрады, 35 градусқа дейін ыстық болады, жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе және Ұлытау облыстарында 37 градусқа дейін қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Атырау, Семей, Тараз, Талдықорған, Жезқазған қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен, Қостанай, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-18 м/с күшейеді, жоғары өрт қаупі бар.