ЖОЛДАУ • Кеше

Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.

Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде

Фото: sakhara.kz

Қалаларда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын экобокстар мен фандоматтар қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Оған пластик пен алюминий тапсырған азаматтар бонустармен көтермеленеді. Қазірдің өзінде жекеменшік бизнес иелері Астана, Алматы, Ақтөбе, Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.

«Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек-бөлек жинауға арналған 1000-нан астам экобокс орнатылады», деп атап өтті Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтуға мүмкіндік береді және сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға көмектеседі.