Әскер • Бүгін, 11:41

Шығыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-қыркүйектен 31-желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жүреді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке 18-бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға негізі жоқ ер азаматтар шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

фото: Мерей Қайнарұлы

Биыл облыстан шамамен 800 жас әскер қатарына алынады. Науқанды ұйымдастыру үшін 10 нүктеде әскерге шақыру және медициналық комиссия жұмыс істейді. ШҚО-дан шақырылған сарбаздар елдің барлық өңірлерінде қызмет етеді.

«Әскерге шақырылушыларды хабардар ету үдерісі біртіндеп цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Ол үшін шақыру пунктеріне келу туралы ескертулер SMS және eGov порталының жеке кабинеті арқылы жіберіледі. Медициналық комиссиядан әдейі жалтарған немесе келмеген азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Яғни, айыппұлдан бастап бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады»  дейді Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жанибек Сапаров мәлімдеді.

Айта кетейік, әскерге шақырылушыларға қызмет уақытына «несие демалысы» беріледі. Елдің 80-нен астам жоғары оқу орнымен жасалған келісімдерге сәйкес мерзімді әскери қызметін абыроймен өтеп, жақсы нәтиже көрсеткен жастарды университеттер қосымша емтихансыз тегін қабылдайды.

Әскерге бөлуде білім деңгейі, біліктілігі, отбасылық жағдайы, денсаулығы және жеке қалау-тілектері ескеріледі.

Шығыс Қазақстан облысы