
Осыған орай «Таза Қазақстан» атты экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалған. Аталған құжат халықтың экологиялық ой-санасын арттыруға, экологияға жауапты өмір салтын қалыптастыруға және экологиялық білім мен ағартушылықты күшейтуге бағытталған.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, тұжырымдама азаматтардың табиғатқа құрметпен қарауын қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге және қоғамды экологиялық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге құжат бизнес пен ірі кәсіпорындардың да рөлін айқындайды. Олар табиғатты қорғау бастамаларын жүзеге асырудағы негізгі серіктестер ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда еліміздегі көптеген компаниялар «Таза Қазақстан» бастамасына қосылып, тұрақты технологияларды енгізіп, өңірлерде экологиялық жобаларды қолдап келеді.