«Таза Қазақстан» • Бүгін, 19:45

Халық тазалыққа ынтызар

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақкөл қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдаған ауқымды акция  өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық тазалыққа ынтызар

 

Жалпақ жұрттың жақсылыққа ынтызар екендігін осы бір істен көруге болады. Табиғатты аялай білу, мәдениетті қалыптастыру, экологиялық сананы жас буынның сүйегіне сіңіруге бағытталған республикалық бастаманың баянды екендігін тағы бір көрсетіп берді. Қала тұрғындары, еріктілер, қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері бірігіп, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, мұнтаздай етті.

– Қоршаған ортаның тазалығы ертеңгі күнге салынған инвестиция, – дейді аудан әкімі Біржан Әбдірахманов, – келешек ұрпақ үшін көрікті өңіріміздің айдай жүзіне кіреуке түсірмей аялап ұстау бізге парыз.

Қатысушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында төңірек мұнтаздай етіп тазаланды.

Ақмола облысы,

Ақкөл ауданы.