* * *
БІЗ ТЕК ҚАНА ШЫНДЫҚТЫ АЙТАМЫЗ Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты жағдай жасалып келеді. Оларды ертеңгі күнге үміттендіріп, қоғамнан өз орындарын табуға мүмкіндік туғызуда арнайы мектептердің атқарар жұмысы айтарлықтай. Солардың бірі – елордадағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық, ол “Программа Б” деген оқу-әдістемелік құралымен 4 типтік бағытта жұмыс атқарады. Олар, біріншіден, тұрмыстық бағыт: өзін-өзі күту, киіну, тамақ ішу тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асады. Екіншіден, педагогикалық бағыт: бұл жерде ең бастысы – логиканы дамыту, сөйлеу техникасын және бастапқы білім беруді арнайы мұғалімдер үйретеді. Сабақ кестелері 3-4 сағаттан аспай, балалардың интеллектуалдық, грамматикалық жағынан жетілулеріне көмектеседі. Үшінші бағыт: тікелей медицинамен байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын бақылау және дер кезінде алғашқы көмек беру медицина қызметкерлерінің қарауымен атқарылады. Осыған арнайы кабинеттер жабдықталып, арт-терапия, ликатека, сенсорлық кабинеттер, Монтессори сатып алынған. Сондай-ақ, тәжірибе ретінде балаларды көпшілік алдына шығарып, басқа жүйке ауруымен ауырмайтын балалардан кем емес екендігін көрсету. Бұл үдерістер орталық саябақ және Астананың ойын-сауық мекемелеріне апарып, қыдырту арқылы жүзеге асырылады. Соңғы төртінші бағыт: қаржыландырумен жұмыс істеу. Бұл дегеніміз – демеушілік көмек және мемлекет бөлген ақшалардың дұрыс жұмсалуын бақылау. Әрине, қаржы жағына келгенде тек ақшамен емес, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары да аса маңызды. Жалпы алғанда, 3-тен 18 жасқа дейінгі аралықта мүмкіндігі шектеулі 180 бала бар. Оның 64-і күндізгі бөлімде болса, қалған көпшілігі стационарлық топта қаралады. Арнайы күтіммен бақыланатын 28 бала Даун синдромымен ауыратын болса, стационарлық бөлімдегі 32 бала жүре алмайды. Орталықта жұмыс істейтіндердің тең жартысын психологтар, дефектологтар, логопедтер, мұғалімдер мен тәрбиешілер құраса, қалғандары техникалық және санитарлық бағыттағылар болып табылады. Орталықтың директоры Серік Бөпежанов атқарылатын жұмыс қанша қиын болса да, балалардың бір күлкісі мың рет айтылған рахметпен тең, дейді. Өйткені, бұл балалар ешқашан ешкімге жамандық ойламайды және алдамайды да. Шыңғыс МЫРЗАХМЕТ, Еуразия ұлттық университетінің студенті.Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды
Күрес • Бүгін, 21:36
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Олимпиада • Бүгін, 21:24
Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 21:00
Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 20:35
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:21
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады
Қоғам • Бүгін, 19:37
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
Әскер • Бүгін, 19:22
Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 19:12
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:37
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:25
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:17
Елордада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Бибісара Асаубаева Кипрде өтетін Үміткерлер турнирінде бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 17:52
Енді міндет емес, құқық: Жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды
Ата заң • Бүгін, 17:36