Үкімет • Бүгін, 11:00

Үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмаларын іске асыру және өңірлердің теңгерімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың мәлімдеуінше, жаңа құжат халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірлердің экономикалық әлеуетін толық ашуға бағытталған. Тұжырымдамада негізгі даму бағдарлары ретінде агломерациялар, моноқалалар, тірек ауылдар және жаңа Алатау қаласы айқындалған.

Сонымен қатар әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділіктегі айырмашылықтарды азайтуға баса назар аударылған.

«Бүгінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 64%-ды құрады. Ал 2028 жылға қарай 70%-ға дейін өсу болжануда. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің қосатын үлесі 40%-ға дейін жетпек», деді вице-министр Бауыржан Омарбеков.