
Оқиға сәрсенбі күні түскі сағат 14:30 шамасында, МАЭК аумағындағы №3 турбогенераторды жөндеп жатқан уақытта болған. Қайнаған суға күйген екі жұмысшыға медициналық көмек көрсетілген. Олардың біреуі үйге қайтса, екіншісі ауруханаға түсті.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрды.