Технология • 30 Тамыз, 2025

Еліміздегі 19 мың жол камерасына ЖИ орнатылды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғам қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаңа технология еліміздің әр саласына еніп жатыр. Енді жол камерасының қызметі де ЖИ-мен жасақталады.

Еліміздегі 19 мың жол камерасына ЖИ орнатылды

Бүгінде еліміз бойынша 19 мың камераға жасанды зият орнатылды, деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

«Аталмыш камералар жолда жүру тәртібін бақылап, көлік тізгінінде отырған адамды танып, күдікті заттарды анықтауға арналған. Бұл жүйел Жедел басқару орталығымен біріккен жоба, осы арқылы полиция оқиға орнына дер кезінде жетіп, шара қолдануға көмектеседі», деді министр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері заманауи планшеттер мен смарт-жетондармен қамтамасыз етіліп жатыр, бұл олардың жедел әрі тиімді жұмыс көлемін арттырады. Азаматтар үшін «102» мобильді қосымшасы және eGovMobile мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы қолжетімді «Заң және тәртіп» сервисі іске қосылды. Енді құқықбұзушылық туралы хабарлау үшін бір ғана батырманы басу жеткілікті, осылайша полициямен тікелей байланысып, проблеманы шешуге болады.

«Айта кетелік, цифрландырудың арқасында алаяқтардың 2,2 млрд теңгені заңсыз жымқырғаны белгілі болды. Сондай-ақ елде халықтың құқықтық және қаржылық сауаты артып келеді», деді министр.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше