
Анасының айтуынша, бала 4 тамызда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен. Бір апта бойы түрлі анализдер алып, дәрі тамызғанымен, жағдайы жақсармаған. Ал 11 тамыз күні сағат 16:00 шамасында екі медбике қан алу кезінде баланың қолын қатты қысып, нәтижесінде сүйегі шытынаған.
«Дені сау баланы ауру қылды. Алғашқыда өте көңілді, ойнақы болып келген ұлым қазір күле алмайды, ойыннан қалған», – дейді баланың анасы.
Бұл жағдайдан кейін әлеуметтік желіде үлкен резонанс туды. Пікір қалдырғандардың көбі меркілік дәрігерлерді кәсіби біліктілігі төмен, науқастарға жауапсыз қарайды деп сынға алды.