Қоғам • Бүгін, 11:00

Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласынан бастау алатын үш туристік пойыз бағыты іске қосылады. Бағыттардың ұзақтығы бес-жеті күнге созылады. Туроператорлар жолаушыларға экскурсиялық бағдарлама, заманауи вагондарда жайлы орналастыру, ішінара тамақтану мен көлік қызметтерін қамтитын пакеттерді ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады

Алғашқы бағытты Khan-Turan Travel компаниясы 21 қыркүйектен бастап жүзеге асырады. Бұл пойыз Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Бұқара қалаларын қамтиды. Жолаушылар үшін Тараз және Шымкент стансаларында қосылу немесе түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Екінші бағытты Turan Kazakhstan Travel 26 қыркүйекте жолға шығарады. Ол Самарқанд, Бұқара, Ташкент және Түркістан қалаларын аралап, Алматыға қайта оралады.

Үшінші бағытты Skyway компаниясы 30 қыркүйекте іске қосады. Пойыз Алматыдан шығып, Түркістан, Самарқанд, Бұқара және Ташкент арқылы өтіп, бастапқы нүктесіне қайтады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны кеңінен танытуға және өңірлік туризмді дамытуға зор ықпал етеді.