Президент • Бүгін, 11:30

Тоқаев пен Цзинь Лицюн стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цзинь Лицюн Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы жөнінде пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев пен Цзинь Лицюн стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті АИИБ басшысымен 2023 жылдың мамыр айында Сиань қаласында кездескенін, содан бері өзара қарым-қатынас, әсіресе, көлік, энергетика және денсаулық сақтау секілді басты салаларда тың серпін алғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан банк қызметін кеңейтуге, атап айтқанда, «жасыл» және зияткерлік технологияларды дамыту жобаларын ілгерілетуге арналған аймақтық алаңға айналуға дайын.

Бүгінде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздегі стратегиялық мәнге ие жобалардың бірқатарына 2 миллиард доллардан астам көлемде қаржы құйды.

Соның ішінде Жамбыл облысындағы ірі жел электр стансасы, Жезқазған – Қарағанды автокөлік жолы, Көкшетау қаласындағы көпсалалы аурухана құрылысы бар.

аа