Қоғам • Бүгін, 12:55

29 жасқа дейінгі жастардың 90%-ті Президентке сенім білдіреді - әлеуметтанулық зерттеу

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 11 шілде мен 12 тамыз аралығында республиканың барлық өңірлерін қамтыған кең көлемді сауалнама жүргізді. Зерттеуге 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8 мың азамат қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

29 жасқа дейінгі жастардың 90%-ті Президентке сенім білдіреді - әлеуметтанулық зерттеу

Фото: Ашық дереккөз

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері азаматтардың Президент институтына деген сенімі мықты екенін көрсеткен. Қатысушылардың 82,4%-ы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдірген.

1

Жас ерекшелігі бойынша ең жоғары сенім деңгейін 18–29 жас аралығындағы респонденттер көрсетті – 90,3%. Одан кейінгі көрсеткіштер: 30–45 жас аралығында – 82,4%, 46–60 жаста – 78,6%, ал 61 жастан асқандар арасында – 77,8%.

Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары – тиісінше 84,9% және 80,9%. Зерттеу табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу көрсеткіштеріне қарамастан, азаматтардың сенім деңгейі біркелкі екенін айқындады.

Кәсіптік сала бойынша ең жоғары қолдауды құқық қорғау органдарының қызметкерлері білдірген – 96,9%. Сондай-ақ білім беру саласының өкілдері (89,6%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), ауыл шаруашылығы қызметкерлері (86,2%), ғылым (85,7%) мен мәдениет және өнер саласының мамандары (85,9%) айтарлықтай қолдау көрсеткен.

Сауалнама нәтижесі Мемлекет басшысына деген сенімнің тұрақты әрі жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың қоғам үшін тиімділігін көрсетіп отыр.